Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ришат Хайбуллин спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды

Қазақстандық спортшы Ришат Хайбуллин спорттық құзға өрмелеуден Францияның Шамони қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды.

Ришат Хайбуллин
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Жалпы жылдамдық бағдарламасы бойынша Қазақстан атынан сегіз спортшы сынға түсті.

Жарыстың негізгі бөліміне тек Ришат Хайбуллин мен Әмір Маймұратов шықты.

Ришат финалға дейін жетіп, АҚШ спортшысы Самуэль Уотсонға жол берді. Осылайша күміс медальға ие болды. Қола жүлде тағы бір америкалық спортшы Зак Хаммерге бұйырды.

Ал Әмір Маймұратов іріктеу кезеңінде екінші орынды иеленді. Дегенмен жарыстың негізгі бөлімінде ширек финалға дейін жетіп, испаниялық Эрик Ноя Кардонаға есе жіберді.

Айта кетейік, Әлем кубогы кезеңіне 31 елден 312 спортшы қатысуда.

Қазір оқып жатыр

Таиланд әуежайында жүкті иесіне ескертпей ашатын өзгеріс енгізілмек

Таиланд

«Сайлау-2026»: сарапшылар сайлаушылар белсенділігі мен теледебаттардың рөлін бағалады

kisi.kz

TikTok-та балағат сөз айтқан тағы бір әйел қамауға алынды

блогер

Қазақстанда бизнеске арналған тағы бір мемлекеттік қызмет банктерге беріледі

компанияны тіркеу