USD
USD
USD

Ришат Хайбуллин спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды

Қазақстандық спортшы Ришат Хайбуллин Францияның Шамони қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды.  

Құзға өрмелеу
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Жалпы жылдамдық бағдарламасы бойынша Қазақстан атынан сегіз спортшы сынға түсті. Жарыстың негізгі бөліміне тек Ришат Хайбуллин мен Әмір Маймұратов шықты. Ришат финалға дейін жетіп, АҚШ спортшысы Самуэль Уотсонға жол берді.

Осылайша күміс медальға ие болды. Қола жүлде тағы бір америкалық спортшы Зак Хаммерге бұйырды. Ал Әмір Маймұратов іріктеу кезеңінде екінші орынды иеленді.

Дегенмен жарыстың негізгі бөлімінде ширек финалға дейін жетіп, испаниялық Эрик Ноя Кардонаға есе жіберді.

Қазір оқып жатыр

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

АЭС

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов