6 Қыркүйек 14:33
...

Рысбек Сәрсенбайұлын ұстап әкетті (видео)

Фото:

Бүгін таңертең елордада саясаткер Рысбек Сәрсенбайұлын полиция күшпен ұстап әкетті. Бұл туралы әлеуметтік желіде Болат Әбілев мәлімдеді.

Елорда, NEGE. «Бүгін таңертең Рысбек Сәрсенбайды астанада полиция күш қолданып ұстап әкетті. Ол Қаңтар оқиғасына қатысты бассыздықтарға қарсылық білдіру үшін үкімет үйі алдына жиналған әйелдері қолдау үшін барған. Олар Қаңтар бүлігіне қатысты жауапқа тартылған жақындарының ісін әділ қарауды талап етті. 

Рысбек Сәрсенбайды күш қолдану арқылы ұстап әкетіп, полиция бөлімшесіне апарған. Сол жерде денсаулығы нашарлаған. Қазір оған медициналық көмек көрсетіп жатыр.

Біз бұл бассыздықты дереу тоқтатуды, әріптесіміз Рысбек Сәрсенбайды босатуды талап етеміз!», – деді Б.Әбілев.

Рысбек Сәрсенбайұлы – 2006 жылы ақпанда саяси қастандықтан қаза тапқан мемлекет және қоғам қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлының бауыры.  

Тегтер: