USD
USD
USD

Рыпакова финалға шыға алмады

Бүгін Токио Олимпиадасы аясында жеңіл атлетика бәсекелері басталды.

Рыпакова финалға шыға алмады
Фото: NEGE.kz

Алматы,  NEGE.  Қазақстан командасынан бірінші болып үш қарғып секіру спортының өкілдері бақ сынады деп жазады Olympic.kz. 

Олардың қатарында Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова да бар. 

Айта кетелік, жарысқа қатысшуыларға үш мүмкіндік беріледі. Ал финалдық сынға 12 спортшы жолдама алады. Ол үшін 14, 40 метрді бағындыру керек. 

Рыпакова өзінің ең үздік мүмкіндігінде 13,69 метрге секірді. Бұл финалға өту үшін жеткіліксіз. 

Сондай-ақ, іріктеу кезеңінде Мария Овчинникова мен Ирина Эктова да сынға түкен болатын. Олар жарыстың бірінші айналымынан аса алмай, 26-шы және 31-ші орын алды. 

Еске сала кетейік, Ольга Рыпакованың еншісінде Олимпиаданың үш медалі бар. Ол 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында чемпион атанса, 2008 жылғы Бейжің ойындарында күміс, 2016 жылғы Рио Олимпиадасында қола медаль жеңіп алған. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жекеге заңсыз өткен теміржол ауруханасы мемлекетке қайтарылды

Теміржол апаттар медицинасы госпиталі

Ақтауда автогаз құю бекеттеріндегі кезек азайды

Ақтау

Қазақстандағы ақылы жол тарифі шетелмен салыстырғанда 15–40 есе төмен

Ақылы жолдар

Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты

Абылай Мырзахметов