USD
USD
USD

«Ringobet.kz» букмекерлік кеңсесі лицензиясынан айырылды

«Ringobet.kz» букмекерлік кеңсесі лицензиясынан айырылды және заң бұзғаны үшін айыппұл салынды.

Ringo
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Мемлекеттік кірістер комитетінің өтініші негізінде Туризм және спорт министрлігі 2024 жылғы сәуірде жоспардан тыс тексеру жүргізіп, ойын бизнесі саласындағы заңнаманы сақтамағаны үшін «Ringobet.kz» букмекерлік кеңсесін лицензиясынан айырды.

«Ойын бизнесі туралы» Заңға сәйкес, ойын бизнесін ұйымдастырушының бәсті қабылдау сервері Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жері бойынша болу керек.

Кезектен тыс тексеру барысында жоғарыдағы заң талаптарын бұған бірнеше факті анықталды. Сонымен қатар букмекерлік кеңсенің қызметі туралы лицензия алған кезде жалған ақпарат берілген.

Осыған байланысты аталған букмекерлік кеңсе «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 464-бабының 1 және 2-тармақтары бойынша жалпы сомасы 849 мың теңге көлемінде айыппұл негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды және букмекерлік кеңсе лицензиясынан айырылды.

Министрлік ойын бизнесі және мемлекет мүдделерін қорғау саласындағы құқық бұзушыларды анықтау бойынша жұмысты жалғастырады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты