USD
USD
USD

Ринат Зайытовтың ұсынысына Тамара Дүйсенова жауап берді

Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовтың ең төменгі айлық 300 мың теңге болуы керек деген ұсынысына пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Ринат Зайытовтың ұсынысына Тамара Дүйсенова жауап берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ең төменгі еңбекақы деген – біліктілігі жоқ жұмысшының ешқандай үстемеақысыз айлығы. Яғни, әр жұмыс беруші осыдан төмен төлемеуі керек. Еңбек инспекциялары тексерген кезде мұндай фактілер анықталса, айыппұл салынуы мүмкін, – деді вице-премьер бүгін елордада Еңбек күніне орай өткен форумнан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Премьер-Министр орынбасарының пайымынша, Мәжіліс депутатының ұсынысы экономиканың деңгейіне сай келмейді.

Мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктерін ескерулеріңіз керек қой. Қазір орташа айлық 365 мың теңгеден сәл жоғары. Осыдан алып есептеп көрсеңіздер, бүгінде біздің экономкиканың деңгейі мен жұмыс берушілер осындай деңгейде ғана төлей алады. Бізде 3-4 жыл бұрын 28 мың теңге болған. Кейін 42 500-ден 60 мың, 70 мың болып өсті. Енді 85 500 ету қарастырылып отыр. Бұл алдыңғы көрсеткіштерге қарағанда өсім ғой, – деді Тамара Дүйсенова.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс