Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ринат Зайытов: Мені құттықтау артық!

Алатау дәстүрлі өнер театрына қызметке тағайындалған айтыскер, ақын Ринат Зайытов инстаграм парақшасында пікір қалдырды. 

Ринат Зайытов: Мені құттықтау артық!
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қадірлі ағайын, бүгін Алатау дәстүрлі өнер театрына қызметке тағайындалдым. Жалған сөйлеп, ақталудан аулақпын. Дегенмен де қайда барып, не істесем де барлығы әуелі Жаратушы, сонан соң өмірлік тілекшім, сақтаушым, жанашырым да Халық болғандықтан бір ауыз түсіндіріп өтейін. Адам бір нәрсеге қабілетті екенін көрсетпейінше, ешкімге ештеңені құр сөзбен дәлелдей алмайтыны айдан анық. Сондықтан маған берілген бұл мүмкіндік бірінші кезекте өзіме сынақ. Үш жүзге сөйлеп жүрген ақындарыңыз екі жүз адамды жұмылдырып жұмыс істете алмаса, оның пайдасы не? Осы сөзбен келісетін шығарсыздар? Өмірдегі ең үлкен тілегім өз елімнің бір бұрышында қазақ өнеріне адал қызмет ету ғана. Оны талай жерде айтып та жүрдім. Міне сол тілегімнің алғашқы күні бүгін өтті. Құттықтау артық. Сәттілік тілесеңіздер, алғысым шексіз. Алматы қаласының мәдениет басқармасының басшылығына сенім білдіргеніне көп рахмет. Әзірге осылай… – деді Ринат Зайытов.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық