Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ринат Зайытов: Әкем тарих пәнінен беретін ұстазыма үйленіп алған

Бұл туралы ақын «Ең алғашқы» бағдарламасында айтты.

Ринат Зайытов: Әкем тарих пәнінен беретін ұстазыма үйленіп алған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жетінші сыныпта оқып жүргенде, әкесі отбасынан кететінін мәлімдеген. Бала Ринатқа бәрінен де әкесі мен оның жаңа әйелі жұмыс істейтін мектепке күнде бару ауыр соққан. Себебі әкесінің жаңа әйелі Ринатқа тарих пәнінен сабақ берген.

«Мен бәрін түсінетіндей жаста емес едім. Ағаларым «әкеміз неге бұлай істеді?» деп жатты. Мен мұны тек сотта сезіндім. Сотта менен әкең жаққа барасың ба, шешең жаққа барасың ба деп сұрақ қойды. Сол кезде екеуінің бірін таңдауым керектігін түсіндім. Сол ауыр тиді. Әкемнің қосылған адамы менің тарих мұғалімім болды. Маған ол мектепте оқу мүмкін емес еді. Күнде балалармен төбелесе бастадым, біреу мазақтайды.

Содан заттарымды жинап, Семейде тұратын үлкен ағам Алмастың қолына кеттім. Дәл сол жылы темекі тарта бастадым. Менің теріс қылықтар істеуім, қылмыстық элементтері бар әрекеттерге баруым, сондай балалардың қасында жүргім келгені – әкем кетіп қалғаннан кейін өзімді тәуелсіз, күшті адам сезінгім келгеннен шығар?», – деп өткенді еске алды Ринат Зайытов.

Бүгінде өзі көп балалы әке болып отырған Ринат әкесін еш сынай алмайтынын, өмірде әкесінің барына шүкір ететінін айтты.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстікте өрт кезінде оқ-дәрі жарылды

Арыс

«Әділет» партиясы: Қазақстан шикізатты аз, дайын өнімді көп сатуы керек

Айбек Дәдебай

ҚХП алимент бойынша берешекті өтеу үшін арнайы қор құруды ұсынды

Нұрсұлтан Шоқанов

«Байтақ» төрағасы: Біз Экономика және Қаржы министрлігін алмастырмаймыз

дебат