USD
USD
USD

Ринат Зайыт қайта сайлануға құлықсыз екенін айтты

Мәжіліс депутаты, ақын Ринат Зайыт Парламентке қайта сайлануға жеке ниеті жоқ екенін мәлімдеді. Алайда партия тарапынан ұсыныс түссе, одан бас тартпайтынын жеткізді.

тоқал алуды заңдастыру
Фото: el.kz

Астана, NEGE. Ринат Зайыттың сөзінше, ол AMANAT фракциясының мүшесі ретінде партия шешіміне сүйенеді. 

«Жеке қалауым да, ерекше ұмтылысым да жоқ. Жасыратыны жоқ, AMANAT партиясының мүшесімін. Егер партия менің қызметімді қажет деп тапса, бас тартпаймын. Дайынмын», – деді ол тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Сондай-ақ депутат Мәжіліске келгендегі мақсаттарының жартысынан астамы орындалғанын атап өтті. Ол өзіне жүктелген міндеттің белгілі бір бөлігін жүзеге асырғанын айтып, кей бастамалардың орындалмауын мемлекеттік органдармен толық келісімге келе алмауымен байланыстырды.

«Тағы да қайталап айтамын: мемлекеттік органдармен толық келісімге келе алмадық. Көп жағдайда, көптеген нормалар бойынша осы мәселе кедергі болды. Оның үстіне заң аясында шектеулер бар. Көптеген сот істеріне араласуға мүмкіндік болмады. Ал қоғамдық қабылдауға келіп, өтініш жазатын азаматтар үлкен үмітпен келеді», – деді депутат.

Ол өз жұмысын 10 балдық шкала бойынша бағалаудан бас тартып, қызметіне бағаны халық беруі тиіс екенін айтты. Сонымен қатар, қажет болған жағдайда депутаттық мандатын тапсыруға дайын екенін де жеткізді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жазда Парламент сайлауы өтетінін мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Алматы, Шымкент, Түркістан және Ұлытау ЭКСЖ ұлттық жобасы бойынша артта қалды

.

Бозымбаев: Коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға дейін төмендетуіміз керек

.

Таразда 19 жастағы қызды алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты

блогер соты

Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті

Қоғамдық көлік