USD
USD
USD

Рим турнирі: Рыбакина үшінші айналымға шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты.

Рим турнирі: Рыбакина үшінші айналымға шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисші екінші кездесуін дүниежүзілік рейтингте 102-орында тұрған америкалық Лорен Дэвиспен өткізді.

Бұл олардың спорттық жолындағы өзара бірінші бәсекесі еді. Бірінші партияда Е. Рыбакина 4:1 есебімен алға кеткенімен, қарсыласы таразы басын теңестірді – 4:4.

Дегенмен, Елена тағы бір брейк жасап, сетке доп бергенде, өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ – 6:4. Екінші сетте қазақстандық теннисші 3:0 есебімен алға кетті.

Содан кейін осы басымдылығынан айырылған жоқ – 6:3. Сағат жарымнан астам уақытқа созылған матч барысында Е. Рыбакина 6 эйс жасап, 4 брейк-пойнтты түгел пайдаланды. Қарсыласы 2 брейктен (8 брейк-пойнт) аса алған жоқ.

Е. Рыбакина жүлде қоры 2,5 млн еуродан асатын доданың ширек финалына шығу үшін әлемнің 6-ракеткасы, чехиялық Каролина Плишкова немесе рейтингте 29-сатыдағы швейцариялық Хиль Белен Тайхманның біреуімен таласады.

Бүгін сондай-ақ, Юлия Путинцева Римде әлемнің 10-ракеткасы, испаниялық Гарбинье Мугурусамен ойнайды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы