USD
USD
USD

Рим Папасының Қазақстанға сапарының бағдарламасы ұсынылды

Рим Папасының Қазақстанға сапарының бағдарламасы ұсынылды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Рим Папасының Қазақстанға сапарының бағдарламасы ұсынылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Сапардың бірінші күні Рим Папасының Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен, сондай-ақ елімізде тіркелген шетелдік дипломатиялық корпус және азаматтық қоғам өкілдерімен кездесулері жоспарланған», - делінген сейсенбідегі хабарда.

Ары қарай Рим-католик шіркеуінің басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің ашылуына және пленарлық отырысына, сондай-ақ кейбір басқа дін лидерлерімен бірқатар кездесулерге қатысады деп күтіліп отыр. 14 қыркүйекте Рим Папасы Франциск мыңдаған католик дінін ұстанушылар, оның ішінде Қазақстан астанасына арнайы келетіндері үшін дұға (месса) өткізеді.

Соңғы күні ол Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің жабылуына және оның қорытынды декларациясының қабылдануына қатысуды, сондай-ақ Рим-католик шіркеуінің Қазақстандағы және көрші елдерден келетін дін қызметкерлерімен, монахтарымен және семинаристерімен кездесуді жоспарлап отыр.

Еске салсақ, Рим Папасы Қазақстанда 13-15 қыркүйек аралығында болады.

Қазір оқып жатыр

Терроризмге қарсы қорғанысты әлсіреткені үшін 263 басшы айыппұл арқалады

Терроризмге осал нысан

Қазақстан Ресейге жанар-жағармай жеткізу мүмкіндігін қарастыруға дайын

Ресейге жеткізу

Мемлекеттің заңсыз әрекетінен келген зиянды өтеу құқығы Конституцияда бекітілді

Адам ұрлау

Құрылтай сайлауы: негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жарияланды

үгіт-насихат