USD
USD
USD

Рим Папасы Франциск қайтыс болды

Рим-католик шіркеуінің басшысы Рим Папасы Франциск 88 жасында өмірден өтті.

Рим Папасы Франциск
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Рим Папасы Франциск Пасха дүйсенбісінде, 2025 жылы 21 сәуірде, Ватикандағы Casa Santa Marta резиденциясында 88 жасында қайтыс болды», - делінген хабарламада. 

Кеше ғана Пасха жексенбісінде Папа Франциск дәстүрлі батасын беру үшін Ватикандағы Әулие Петр алаңына жиналған сенушілердің алдына шыққаны хабарланған еді.

Айта кетейік, Франциск – Католик шіркеуінің 266-шы понтифигі. Ол 2013 жылы сайланған болатын. Франциск – бұл лауазымға келген Латын Америкасынан шыққан алғашқы Папа, әрі иезуиттік орден өкілі ретінде алғаш рет тағайындалған понтифик.

Понтифик 14 ақпанда респираторлық инфекциямен (кейінірек екі жақты пневмония екені расталды) Римдегі Гемелли ауруханасына жатқызылды. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай