USD
USD
USD

Рим папасы дін қызметкерлерін уағыз айтқанда ЖИ қолданбауға шақырды

Ол діни қызметкерлерді шынайы өмірге оралуға, жасанды интеллект пен интернетті қолданғанда абай болуға үндеді.

Рим папасы Лео
Фото: Edgar Beltrán / Wikimedia Commons

Астана, NEGE. Бұл жөнінде XIV Лео Рим епархиясының діни қызметкерлерімен өткізген жабық кездесуде айтты, деп жазады Vatican News.

Діни қызмет туралы сұрақтарға жауап беру кезінде ол уағыз дайындауда жасанды интеллектіні қолданбау керек екенін ескертті.

«Шынайы уағыз айту – сенімді бөлісу деген сөз. ...Жасанды интеллект ешқашан сенімді бөлісе алмайды», – деді Рим папасы.

Оның айтуынша, уағыз тыңдаушылар нейрожелінің емес, дін қызметкерінің жұмысын көргісі келеді.

Сонымен қатар ол ми қызметін жаттықтырудың маңызын атап өтіп, жұмысты толықтай нейрожелілерге тапсырып қоюдан сақтандырды.

«Денедегі барлық бұлшықет, егер оны пайдаланбаса, әлсірейді. Ми да солай. Оны пайдалану керек. Сондықтан ақыл-ойымызды жаттықтырып отыруымыз қажет, әйтпесе бұл қабілетімізден айырылып қаламыз», – деді ол.

Сондай-ақ, XIV Лео әлеуметтік желілерді қолдануда сақ болуға шақырды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар