USD
USD
USD

Риддердегі жылу орталығынан өрт шықты

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығындағы екі қазандықтан өрт шықты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Риддердегі жылу орталығынан өрт шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  ШҚО әкімі Даниал Ахметов бірден қалаға барып, шұғыл жиналыс өткізді.

«Орталықтың жаңа иелері өздеріне жүктелген жауапкершілікті арқалай алмай жатыр. Технологиялық процестер бұзылған, инженерлік бақылаудың болмағаны анық. Қаңтар айынан бастап жаңа инвесторлар жабдықтарды жөндеуге, дебиторлық берешекті, отын жеткізушілер алдындағы борыштарды өтеуге және жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат салған жоқ. Нәтижесінде, тағы бір төтенше жағдай болып отыр. Абырой болғанда, жабдыққа айтарлықтай зақым келтірілмеді. Қазір екі қазандық агрегаты жұмыс істеп тұр, тағы екеуі қыздырылуда», - дейді аймақ басшысы.

Оның айтуынша, қаладағы үйлерде жылу температурасы біршама төмендеген. «Бірақ бұл уақытша ғана, жылу температурасы қайта көтеріледі»,–дейді.

Қазір оқып жатыр

Бақытжан Базарбек қатысқан жол апатында зардап шеккен ер адам ауруханадан шықты

Нұржігіт Қошановтың ауруханадан шыққан сәті

«12 мың адам көрген»: TikTok-та былапыт сөз айтқан семейлік әйел 5 тәулікке қамалды

бес тәулікке қамалды

Ақтөбеде менеджер басшылықтың жоқтығын пайдаланып, жалған сенімхатпен пәтерлерді қайта сатқан

көпқабатты тұрғын үй

Министр Сәденов олигарх Рашид Сарсеновтің «крышасы» ма?

.