USD
USD
USD

Риддердегі төтенше жағдай: Оқушылар дүйсенбіден бастап мектепке барып оқиды

Риддердегі төтенше жағдай тұрақталды. 

Риддердегі төтенше жағдай: Оқушылар дүйсенбіден бастап мектепке барып оқиды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының оқушылары дүйсенбіден бастап мектепке барып оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Риддердегі төтенше жағдай бойынша құрылған жедел штабтың мәліметіне сәйкес, 12 қарашада жылу электр орталығындағы жағдай тұрақты.

«Қазіргі уақытта орталықтағы үш орташа және бір жоғары қысымды қазандық жұмыс істеп тұр. Қалаға жіберілген жылу температурасы 63 градус. Мектептер мен балабақшалардың жұмысы туралы мәселе шешілді. Дүйсенбіден бастап білім беру мекемелері штаттық режимде жұмыс істейді», - делінген ақпаратта.

Еске салсақ, 5 қараша күні сағат 20.00-де аталған орталықтағы күл шығару жүйесіндегі сорғы істен шығып, №1 қазандық агрегатының қосалқы жабдығы апатты жағдайда ажыратылған болатын. Соның салдарынан 22 мыңнан астам абонент үшін жылу беру азайтылды.

Төтенше жағдайға байланысты қаладағы мектеп оқушылары 11 қарашаға дейін қашықтан оқыды.

Қазір оқып жатыр

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев