USD
USD
USD

Риддердегі жылу электр орталығында жарылыс болды

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығында жарылыс болсып, 6 адам зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Риддер
Фото: janalyq.kz

Алматы, NEGE.Төтенше жағдай 21 желтоқсанда таңертең болған.

“Таңғы сағат 4:39-да "Риддер ЖЭО"-да таспалы транспортер аумағында жоспарлы жөндеу-монтаждау жұмыстары кезінде шаң-ауа қоспасының жарылысы орын алды, алайда өрт тіркелген жоқ. "Риддер ЖЭО" штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Үйлердегі температура қалыпты деңгейде сақталуда. Сыртқы ауа температурасы Риддер қаласында -4 градус”, – делінген хабарламада.

"Шығыс жылу" АҚ мамандары қала жылу жүйесін тексеріп, реттеу жұмыстарын жүргізуде, осыған байланысты желідегі қысымның уақытша аздап төмендеуі мүмкін екенін ескертті.

Оқиға орнына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев барды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Самұрық-Қазына» өкілдері басшысы ұсталғаннан кейін мәлімдеме жасады

«Самұрық-Қазына»

«Самұрық-Қазына» басшысының ұсталуы бұрын-соңды болмаған жағдай»: саясаттанушы

Данияр Әшімбаев

Келер жылдан бастап декреттегі әйелдердің зейнетақы жарнасы азаяды

ана мен бала