USD
USD
USD

Риддерде зейнеткер әйелдің үйінен оқ-дәрілер қоймасы табылды

ҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары оқ-дәрі қоймасын анықтады, деп жазады inbussines.kz.

Риддерде зейнеткер әйелдің үйінен оқ-дәрілер қоймасы табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  "62 жастағы зейнеткер үйінің кіреберісіндегі зат қоятын бөлмеде ірі көлемде оқ-дәрі сақтаған. Тінту барысында 5,6 мм калибрлі 703 патрон, тегіс ұңғылы мылтықтың 20 мм-лік 37 патроны, ұнтақталған оқ-дәрі салынған 7 қорап, 3 қап бытыра және қару дүмбісі табылды. Қарт кісі барлық арсеналдың қайтыс болған жұбайынан қалғанын айтқан. Алайда күдікті де, оның марқұм күйеуі де қару иелері ретінде базада жоқ болып шықты", – делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта қала тұрғыны қолхатпен босатылды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігімен (Жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғылардың оқ-дәрілерін заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт