USD
USD
USD

Риддерде тұрғынның қысқа әзірлеген 3 жарым тонна пішені өртеніп кетті

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы тұрғынының ауласында тұрған 3 жарым тонна пішен отқа оранды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Риддерде тұрғынның қысқа әзірлеген 3 жарым тонна пішені өртеніп кетті
Фото: NEGE.kz

Риддер, NEGE. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Риддер қаласы Пролетарская көшесіндегі жеке тұрғын үйдің аумағында өрт шыққан.

«Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. Сол кезде ауладағы 3,5 тонна пішен өртеніп жатқан. Көп ұзамай өрттің беті қайтты», - делінген ақпаратта.

Қызыл жалынды ауыздықтауда жеке құрамнан 6 адам және 2 техника жұмылдырылған. Алдын ала дерек бойынша, өрттің шығуына – отты абайсыз пайдалану немесе қасақана өрт қою себеп болуы мүмкін.

ТЖД қызметкерлері өңір жұртшылығына өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтап, барынша абай болу қажеттігін ескертті. Тұрғын үй жанындағы сарайлардың төбелеріне пішен жинауға болмайды. Жем-шөп жиналған жер ғимараттарға, құрылыстарға кемінде 50 метр қашықтықта орналастырылуы қажет.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар