USD
USD
USD

Риддерде спортшы балалар жатқан қонақүй өртенді

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында қонақүйдің ішінде орналасқан саунада өрт шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Риддерде спортшы балалар жатқан қонақүй өртенді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 тамыз күні түнгі сағат 03:00 шамасында Риддердегі 4-шағын ауданда орналасқан қонақүй ішіндегі саунада өрт тұтанған. Қызыл жалын киім ауыстыратын бөлменің төбесі мен қабырғаларын шарпыды.

 «Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер 15 шаршы метр аумаққа жайылған жалынды ауыздықтады. Қауіпсіздік мақсатында қонақүйде тұрып жатқан 10 спортшы бала эвакуацияланды. Өртті өшіруге 4 техника мен жеке құрамнан 11 адам жұмылдырылды» деп хабарлады ведомство өкілдері.

Оттың шығу себебі электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаудан болуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті