USD
USD
USD

Риддерде 150-ге жуық «Сергек» камерасы орнатылады

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында 150-ге жуық «Сергек» камерасы орнатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Риддерде 150-ге жуық «Сергек» камерасы орнатылады
Фото: NEGE.kz

Өскемен, NEGE. Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Риддер көшелеріне «Сергек» бейнебақылау жүйесінің камералары орнатылады. Мақсат – қоғамдағы және жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыс пен әкімшілік құқықбұзушылық жасайтындарды анықтау.

«Қазіргі уақытта жүйені іске қосу үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Барлығы 139 камера орнату жоспарланып отыр. Камералардың қай жерлерге қойылатыны шешілді», - дейді Риддер қаласы әкімінің міндетін атқарушы Дархан Қосантаев.

Оның айтуынша, биылғы қаңтар-мамыр айлары аралығында Риддер бойынша барлығы 275 қылмыс тіркелген. «Сергек» бейнебақылау жүйесі іске қосылғаннан кейін қылмыс саны азаяды деп болжанады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Qarmet ұжымының ұйымшылдығы мен еңбегін жоғары бағалады

.

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон