USD
USD
USD

Риддерде вандалдар ойын алаңын қиратып кетті

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жасөспірім вандалдар балалар ойын алаңын қиратып тастаған, деп жазды kazinform.

алан
Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметінен

Алматы, NEGE. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жасөспірімдердің заңсыз әрекетіне жергілікті тұрғындар шағымданған. Полиция құқық бұзушылардың кім екенін анықтады.

«Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшалардың бірінде риддерлік азамат екі вандалдың балалар ойын алаңын қиратып жатқаны көрінетін видео жариялады. Тұрғындардың ескертуін елемеген олар ешқандай жауапкершілікке тартылмайтындықтарын, ескі ойын алаңының орнына жақын арада жаңасы салатыны туралы естігендіктерін айтқан. Бірақ бұл айтқандары шындыққа жанаспайды», - делінген ақпаратта.

Тәртіп сақшылары 14 және 15 жастағы вандалдарға қатысты «Бұзақылық» фактісі бойынша іс қозғап, екеуінің заңды өкілдерін жауапқа тартты. Сонымен қатар полиция қызметкерлері жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жүргізді.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.

Үкімет жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу үшін шекарадағы бақылауды күшейтеді

.

Ақтөбеде өртенген көліктен үш адамның денесі табылды

.

«Атыраулық хакер» Түркиядан Қазақстанға қайтарылды

.