USD
USD
USD

Риддер: Үйі өртеніп кеткен отбасылар жаңа баспанаға көшті

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында өрттен зардап шеккен отбасылар жаңа үйлерге көшті.

Риддер: Үйі өртеніп кеткен отбасылар жаңа баспанаға көшті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, жаңа «Ботаника» шағын ауданында 32 үй салынды. Осыдан екі жарым ай бұрын үйі отқа оранған азаматтар бүгінде жаңа баспанасының кілтін алып отыр.

«Өңірдің құрылыс компаниялары үйлерді қысқа мерзім ішінде салып бітті. Олардың әрқайсысында заманауи жылыту пештері мен ас үй гарнитуралары орнатылған. Бізге көмек көрсеткен барлық адамға үлкен рахмет айтқым келеді», - дейді орман өртінен зардап шеккендердің бірі Анна Исенева.

Құрылыс компаниялары балалар мен спорт алаңдарын, оның ішінде футбол алаңын да салған. Орталық жарықтандыру, үйлерге асфальтталған жол жүргізілді. Автобус аялдамалары да орнатылды. Жаңа шағын ауданға екі көпбалалы отбасы қоныстанған. Шағын ауданның құрылысы алдағы уақытта да жалғасады. Жоспар бойынша биыл тағы 110 үй салу үшін учаскелер бөлінбек.

Қазір оқып жатыр

Непалдағы су тасқынында хабар-ошарсыз кеткендер арасында қазақстандықтар жоқ – СІМ

Непал

Кәсіпкер көп, спортшы аз: жаңа Құрылтайға кімдер келді?

.

Депозиттегі ақшаның сыйақысына 5% салық салынатыны рас па: министрлік жауап берді

Ақша

«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің есімі жарияланды

"Болашақ" стипендиясы иегері