USD
USD
USD

Риддер қаласындағы өрт толықтай сөндірілді

12 мамырда сағат 14:30-да Риддер қаласындағы орман өрті 272,4 га алаңда (өрттің жалпы ауданы – 287,4 га, оның 272,4 га – орман аймағы) ауыздықталды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Риддер қаласындағы өрт толықтай сөндірілді
Фото: NEGE.kz

Риддер, NEGE. Еске салайық, өрт 2021 жылғы 10 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының әкімшілік аумағындағы Лесхоз кентінде сағат 13:55-те орманға жайылған өрттен туындаған болатын. Желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетіп, 5 көшеде 31 үй, 5 жеңіл автокөлік және шаруашылық құрылыстарының 7 учаскесінде, сондай-ақ ТҚС үй-жайын от шарпыған. Өртенген үйлерде 72 адам, оның ішінде 11 бала тұрған. Қазір 13 азамат жатақханаға, қалғандары туыстарының үйлеріне орналастырылды. Өртті сөндіруге 493 жеке құрам, 69 бірлік техника, 2 тікұшақ жұмылдырылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy