Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Риддер қаласындағы ЖЭО-ның жөндеу жұмыстарына Үкімет резервінен шамамен 1,7 млрд теңге бөлінді

Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Риддер қаласындағы жылу электр орталығында жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Үкімет резервінен шамамен 1,7 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулығы Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

ЖЭО
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Құжатқа сәйкес, Риддер қаласындағы жылу электр орталығында жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Шығыс Қазақстан облысының бюджетіне ағымдағы нысаналы трансферт түріндегі қаражат аударылады.

Соңғы екі жылда Риддер ЖЭО-ға Үкімет резерві мен облыс бюджетінен 15,5 млрд теңге бағытталды. Қазандықтар мен турбиналарда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, стансаның тозу деңгейі 75%-дан 46%-ға дейін төмендеді. Ұзындығы 21,3 шақырым жылу желісінде жөндеу жүргізілді, соның нәтижесінде жылу желілерінің тозу деңгейі 82%-дан 67%-ға дейін азайды.

Сонымен қатар 2023-2024 жылдардағы жөндеу науқанына енбеген тораптар мен механизмдерді жөндеу қажет. Қазандық агрегаттарын, турбоагрегаттарын, сондай-ақ жабдықтың тұрақты түрде электрмен қамтамасыз етілуіне жауапты кешенді тарату құрылғыларын жөндеу қажет.

Осылайша, бөлінген қаражат Риддер қаласының жылу электр орталығын алдағы 2025-2026 жылыту маусымына уақтылы әрі сапалы дайындауды қамтамасыз етеді.

Еске сала кетейік, 2024 жылы жылу электр орталығын тиімді басқару, стансаның қаржылық және кадр тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мүліктік кешені коммуналдық меншікке берілді.

Қазір оқып жатыр

«Әншілер – шайтанның азаншысы»: Жетісайдағы тойдан кейін қылмыстық іс қозғалды

қылмыстық іс

Шабуылдардан кейін Қазақстан мұнайы КҚК терминалы арқылы қайта жөнелтіле бастады

Қазақстан мұнайы

Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

сайлауалды науқан

Мемлекет басшысы Астанада жасанды интеллект бойынша IOAI-2026 халықаралық олимпиадасын ашты

IOAI