USD
USD
USD

Рыбакинаның Мадрид турниріндегі қарсыласы белгілі болды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакинаның жұптық сында Мадрид ATP 1000 турниріндегі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Рыбакинаның Мадрид турниріндегі қарсыласы белгілі болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Е.Рыбакина ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге екінші айналымда украиналық Марта Костюк – румыниялық Елена Габриэла Руземен шеберлік байқасады.

М.Костюк – Е.Рузе бастапқы кездесуін тағы бір қазақстандық Анна Данилина – мажарстандық Тимея Бабошпен өткізді.

Бұл матчта бірінші партияда украиналық-румыниялық жұп басым түсті – 6:4.

Екінші сетте А.Данилина – Т.Бабош дәл сондай есеппен есе қайырды – 6:4.

Супер тай-брейкте М.Костюк – Е.Рузе жеңісті жұлып алды – 12:10.

Осылайша, Мадрид мастерс жарысында Қазақстаннан Е.Рыбакинадан басқа ешкім қалған жоқ.

Қазір оқып жатыр

«Бағаны түсіруге мәжбүр болады»: қазір пәтер алған тиімді ме?

.

БҚО-да оқушы баланы 10 мың вольттық ток соғып, қаза болды

Ток соқты

Қазақстан Қырғызстанға мұнай транзитін бастады

мұнай

Qarmet-тің жаңа нысандары нақты келбетке ие бола бастады

Qarmet