USD
USD
USD

Рыбакина үшінші айналымға шыға алмады

Қазақстанның бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына өте алмады.

Рыбакина үшінші айналымға шыға алмады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жарыстың 12-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 74-орында тұрған қытайлық Чжан Шуаймен кортқа шықты.

Бірінші партияда есеп 4:4 болған мезетте қытайлық спортшы брейк жасап кетті – 6:4.

Ч.Шуай екінші сетті брейкпен бастады. Бұдан кейін Елена медициналық көмекке жүгініп, сәлден соң матчты жалғастырудан бас тартты.

Осылайша Аустралия ашық чемпионатында жекелей сында Қазақстаннан ешкім қалмады.

Қытайлық теннисші үшінші айналымда әлемнің 26-ракеткасы, бельгиялық Элиза Мертенспен күш сынасады. Ол екінші кездесуінде румыниялық Ирина Бегуді 6:3, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Қазір оқып жатыр

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur

Бай азаматтарға салынатын салық: Бектенов бір ай уақыт берді

Олжас Бектенов

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар