USD
USD
USD

Рыбакина Гаррос турнирін сәтті бастады

Қазақстанның бірінші, әлемнің 18-ракеткасы Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирін сәтті бастады.

Рыбакина Гаррос турнирін сәтті бастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Парижде өтіп жатқан Франция ашық чемпионатының 14-ракеткасы болып тіркелген Е.Рыбакина бастапқы кездесуін рейтингте 83-орында тұрған румыниялық Сорана-Михаэла Кырстямен өткізді.

Қазақстандық теннисші биыл 21-ге толса, тәжірибелі қарсыласы 30-да еді. Бірінші партияда үш бірдей брейкке қол жеткізген Е.Рыбакина румыниялық спортшыға бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0.

Екінші сетте есеп 2:1 болған мезетте қазақстандық спортшы брейкпен алға кетті – 3:1. Дегенмен румыниялық теннисші де брейк жасап, есепті қысқартты – 3:4.

Бірақ Рыбакина сол бойда қарымта қайырып, сосын матчқа доп бергенде, қателескен жоқ – 6:3. Бәсеке 1 сағат 3 минутқа созылды. Е.Рыбакина екінші айналымда әлемнің 49-ракеткасы, франциялық Фиона Ферро немесе рейтингте 56-сатыдағы ұлыбританиялық Хитер Уотсонның біреуімен шеберлік байқасады.

Бүгін қазақстандықтардан алғашқы айналымда соңғы болып рейтингте 76-орында тұрған Зарина Дияс кортқа шығады.

Ол әлемнің 35-ракеткасы, Тунис өкілі Онс Жабермен сынға түседі. Мұның алдында Ю.Путинцева, М.Кукушкин және А.Бублик те Ролан Гаррос турнирін жеңіспен бастаған болатын.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Ухнаагийн Хурэлсух, Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

Ернұр Алмахан

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Балалар тағамы

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?

Сарбаздар, Қазақстан әскері