USD
USD
USD

Рыбакина әлемнің бесінші ракеткасын ұтты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Елена Рыбакина Истбурн WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты.

Рыбакина әлемнің бесінші ракеткасын ұтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің бесінші, осы доданың 2-ракеткасы, украиналық Элина Свитолинамен кездесті.

Бірінші партияда брейкпен алға шыққан Рыбакина сол басымдылығын сақтай алды - 6:4.

Екінші сет одан да тартысты өрбіп, тай-брейкте Елена жеңісті жұлып алды - 7:6 (7:3).

Бір сағат 42 минутқа созылған кездесуде қазақстандық теннисші 7 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді.

Қарсыласы 4 эйс, 2 брейкпен шектелді.

Е.Рыбакина айтулы жарыстың жартылай финалына шығу үшін әлемнің 61-ракеткасы, латвиялық Анастасия Севастовамен таласады.

Ол әлемнің 23-ракеткасы, АҚШ-тың жас жұлдызы Кори Гауфты 4:6, 7:5, 6:2 есебімен жеңді.

Қазір оқып жатыр

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Зейнетақы

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Күдікті, Нұрай

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қалай тойланады?

.

Германияда Temu мен Shein кесірінен мыңдаған адам жұмысынан айырылып жатыр

.