USD
USD
USD

Рыбакина Аделаида турнирін жеңіспен бастады

Қазақстанның бірінші, әлемнің 14-ракеткасы Елена Рыбакина Аделаида (Аустралия) 500 WTA турнирін жеңіспен бастады.

Рыбакина Аделаида турнирін жеңіспен бастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осы доданың 7-ракеткасы болып тіркелген Е.Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 132-орында тұрған аустралиялық Сторм Сандерспен өткізді.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші басымдылық танытты – 6:4.

Екіншісінде аустралиялық спортшы 6:1 есебімен есе қайырса, үшінші, шешуші сетте Е.Рыбакина қарсыласына еш мүмкіндік қалдырған жоқ – 6:1.

Екі сағатқа созылған бәсеке барысында Елена 9 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана алды. Қарсыласы 5 эйс, 4 брейкпен (13 брейк-пойнт) шектелді. Е.Рыбакинаның екінші айналымдағы қарсыласы кейін анықталады.

Жүлде қоры 535 мың АҚШ долларына бағаланған аталмыш дода 9 қаңтарда мәреге жетеді. Өткен жылы мұнда Польша өкілі Ига Свентек швейцариялық Белинда Бенчичті 6:2, 6:2 есебімен ұтып, жеңімпаз атанған болатын.

Қазір оқып жатыр

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur

Бай азаматтарға салынатын салық: Бектенов бір ай уақыт берді

Олжас Бектенов

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар