18 Ақпан 16:41

Рыбакинаның Доха турнирінен қанша сыйақы алғаны белгілі болды

Спорт
Фото: t.me/RRaketkasi

Қазақстаның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакинаның Қатардың Доха қаласында өткен Qatar Totalenergies Open WTA 1000 турнирінен тапқан пайдасы белгілі болды, деп жазды sportpress.kz.

Алматы, NEGE. Теннисші финалға шыққаны үшін 308 320 АҚШ доллары с мен 650 рейтинг ұпайын алды.

Турнирдің жеңімпазы Польша спортшысы Ига Швентек 523 485 долларға ие болса, рейтингтегі жағдайын 1000 ұпайға жақсартты.

Ига Швентек — әлемнің бірінші ракеткасы. Екеуі осыған дейін төрт рет ойнап, соның үшеуінде Рыбакина жеңіске жеткен еді. Енді теннисшілердің өзара есебі 3:2 болды.

Бұл жолы да Рыбакина барын салып ойнады. Ол бірінші партияда екі брейк жасап, 4:1 есебімен алға шыққан еді. Алайда Швентек есепті теңестіре алды. Рыбакина тағы бір брейк жасап, сетке доп бергенімен, мүмкіндігін пайдалана алмады. Содан кейін тай-брейкте 6:7 (8:10) есебімен жеңілді.

Екінші сетте Швентек брейкпен алға шықты. Одан соң есепті 5:2-ге жеткізді. Ең соңында матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ. Есеп 6:2 болды.

Матч 2 сағат 15 минутқа созылды.

Рыбакина 3 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың үшеуін ғана пайдаланды.

Енді Елена Рыбакина алдағы аптада Дубайда дәл осындай жарыста бақ сынайтын болады. Ол WTA 1000 турнирінде жарысты екінші айналымнан бастайды

Әуелі әлемнің 31-ракеткасы, Беларусь өкілі Виктория Азаренко немесе рейтингіде 43-орындағы Нидерландттың өкілі Аранча Рустың арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі.

Тегтер: