USD
USD
USD

РФММ оқушыларының жаппай ауруханаға түсуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды

Алматыда Республикалық физика-математика мектебінің 48 оқушысы ішек инфекциясы белгілерімен ауруханаға түскеннен кейін қылмыстық іс қозғалды. 

Қылмыстық іс
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бұл факті бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Тергеу шаралары, соның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің тексеру қорытындысы негізінде оқиғаның мән-жайы анықталып, процессуалдық шешім қабылданады», – делінген полиция хабарламасында.

Бұған дейін Алматыдағы республикалық физика-математика мектебінің 48 оқушысы ішек инфекция белгілерімен ауруханаға түскеннен кейін оқу орнының тамақтану блогына тексеру жүргізіліп, санитариялық талаптардың бұзылғаны анықталды.

Сондай-ақ инфекция көзін анықтау үшін су мен азық-түлік өнімдерінен сынамалар алынып, тамақтану блогының қызметкерлері де тексерілді. Зертханалық зерттеулер жалғасып жатыр. 

Тексеру нәтижелері бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберілген. Жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында.

Қазір оқып жатыр

Ресейде әскери ұшақ құлады: қаза болғандар бар

Ресей ұшақ

$2 млрд-тық жобада заңбұзушылық бар ма? Министрлік НЕГЕ үнсіз қалды?

Энергетика министрлі

Қазақ тіліндегі қателерді азайту үшін 34 сөздік дайындалады

Қарин

Қостанай облысында екі оқушы 10 жастағы баланы зорлаған деген күдікке ілінді: полиция тергеу бастады

сот