USD
USD
USD

РФММ гранттары төңірегіндегі дау: Оқу-ағарту министрлігі түсінік берді

Әлеуметтік желілерде Республикалық физика-математика мектептері филиалдарына грант тағайындау нәтижелері жарияланғаннан кейін ата-аналар тарапынан түрлі пікірлер мен күмән туындады. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі ресми түсініктеме берді.

.
Фото: Gov.kz

Астана, NEGE. Оқу-ағарту министрлігінің РФММ-ге қабылдау нәтижелеріне қатысты мәлімдеме жасауына ата-аналардың шағымдары себеп болды. Нәтижелер жарияланғаннан кейін ата-аналар әлеуметтік желілерде қазақ және орыс сыныптарына өту балдарының айырмашылығына наразылық білдірген. Олардың айтуынша, қазақ тілінде тест тапсырған кейбір оқушылар жоғары балл жинаса да, грантқа түсе алмаған.

.
Threads

Ведомствоның хабарлауынша, РФММ филиалдарына қабылдау мектеп жарғысына сәйкес ашық конкурс негізінде жүзеге асырылады. Үміткерлер конкурсқа тіркелу кезінде оқу тілін өздері таңдайды. Бұл талап «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабына негізделген. Аталған бапта ата-аналар мен заңды өкілдердің баланың қабілеті мен бейімділігіне сай білім беру ұйымын таңдау құқығы қарастырылған.

Министрлік гранттар саны мен конкурс орындары мектеп филиалдарының сыныптарды жасақтау мүмкіндігіне қарай айқындалатынын да атап өтті.

Шекті өту балына қатысты мәселеге тоқталған ведомство оның алдын ала белгіленбейтінін және конкурс жарияланған сәтте хабарланбайтынын мәлімдеді. Қорытынды шекті балл емтихан нәтижелері шыққаннан кейін барлық қатысушылардың жалпы көрсеткіштеріне қарай анықталады.

Сонымен қатар, іріктеу барысында барлық қатысушыларға бірдей талаптар қойылған. Емтихан тапсырмалары бірыңғай тақырыптық бағыт, құрылым және күрделілік деңгейі негізінде әзірленіп, бірнеше нұсқада ұсынылған. Бұл тәсіл академиялық адалдықты сақтау және конкурстың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында қолданылған.

Қазір Оқу-ағарту министрлігі конкурстық іріктеудің әділдігі мен ашықтығына қатысты туындаған мәселелерді жан-жақты талдап жатыр. Ведомствоның мәліметінше, барлық өтініш белгіленген тәртіппен қаралып, қажет болған жағдайда қосымша тексеру жүргізіледі.

Талдау нәтижелері бойынша қосымша ресми ақпарат жарияланатыны және бұл мәселе министрліктің бақылауында екені хабарланды.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

.

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

.

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

.

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

.