23 Қаңтар 11:29
...

Режиссер БЕКМАМБЕТОВ күдікті БОРАНБАЕВ туралы кино түсіре ме?

Фото:

Астана қаласының №2 сотының судьясы Назгүл БАПАҚОВА журналистерге Қайрат БОРАНБАЕВТЫҢ сот процесін фото-видео таспаға түсіруге тыйым салды.

Астана, NEGE. «Сот куәгерлердің жеке мәліметтерін көрсетуге, залдан фото-видео түсіруге тыйым салды. БАҚ бағалау тұрғысынан бірнеше мәрте материал жариялады, куәгерлердің рұқсатынсыз олардың анкеталық мәліметтері мен көрсетілімдерін жариялап жіберді», – деп күшенді судья Н.Бапақова.

Боранбаевтың адвокаттарды соттан атақты режиссер Тимур БЕКМАМБЕТОВТІ куәгер ретінде тергеуді сұрады.

«Бүгінгі сот процесіне РФ азаматы Тимур Нуруахитұлы Бекмамбетов келді. Ол осы іс бойынша (Қ.Боранбаевтың ісі – ред.) куәгер ретінде сөйлеп, жағдайды баяндап, Қайрат Советайұлы Боранбаевқа мінездеме беруге дайын», – деді адвокат Данияр ҚАНАФИН.

Бекмамбетовті күдікті Боранбаевпен не байланыстырады? Режиссер оған қандай мінездеме беруі мүмкін? Әлде Бекмамбетов Боранбаев туралы кино түсіргісі келе ме?

Бекмамбетовтің өзі бұл туралы журналистерге былай депті: «Досымды қолдау үшін Дубайдан арнайы ұшып келдім. Қайрат Боранбаевпен талай жылдан бері доспыз...»

Тегтер: