USD
USD
USD

Режиссер Ақан Сатаев қызын ұзатты

Ақан Сатаев пен Назира Бақаеваның бес баласы бар. Тұңғыш қызы Мәриям 28 мамырда 21 жасқа толған екен.

Режиссер Ақан Сатаев қызын ұзатты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандық кинорежиссер, актер әрі продюсер Ақан Сатаев тұңғыш қызы Мәриямды құтты орнына қондырды. Бұл жайында режиссер Instagram парақшасында хабарлады.

«Алланың қалауымен үлкен қызымыз Мәриямның мешітте некесін қиып, күйеу баламызға аманат етіп, табыс еттік. Елдегі жағдайды ескере отырып, үлкен тойсыз, тек құдаларымызбен қарапайым дастархан жайып, Сүннет бойынша жастардың қалауын орындауға тырыстық», – деп жазды ол.

Ақан Сатаев пен Назира Бақаеваның бес баласы бар. Тұңғыш қызы Мәриям 28 мамырда 21 жасқа толды. Жас актрисаның таңдауы Nomad Stunts каскадері Есболат Әбдіберікке түсті.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырған адам ұсталды

.

Қазақстандықтар такси шақыра алмай жатыр: «Яндекс Go» жұмысында ақау шықты

такси

Қайрат Нұртастың концертіндегі дүрбелең: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

ұрлық

Қайрат Нұртастың концертіндегі қарбаласта бір қыз ауыр халде ауруханаға жеткізілді

Қайрат