USD
USD
USD

Ревакцинациядан бас тартқан жағдайда не болады?

Бас санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов "ревакцинациядан бас тартқан ел азаматтарына қандай да бір шектеулер қолданылады ма" деген сауалға түсініктеме берді.

Ревакцинациядан бас тартқан жағдайда не болады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қиясов құзырлы ведомствада бұл бағытта нақты қарастырылған, әзірге жоспар жоқ екенін атап өтті.

Ревакцинация - коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасын алу. Вакцинаның екі дозасын алған адамдар үшін қосымша шектеулер мен санкциялар қарастырылмаған. Бүгінге күндері біз мұндай мәселелерді, әзірге қарастырып жатқан жоқпыз, - деп қосты ол ОКҚ-да өткен брифингіде.

Санитарлық дәрігер атап өткендей, ревакцинация процедурасының өзі, негізінен осыған жататын топтардан анықталатын болады - бұл халықтың ең осал топтары, сондай-ақ антиденелерге талдау жүргізілгеннен кейін антидененің болмауы анықталған жағдайда өз еркімен ревакцинацияға келетін адамдар.

Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой екпе де, ревакцинация туралы да мәліметтер бір төлқұжатта көрсетілетінін айтты.

Вакциналау төлқұжатында бірінші және екінші дозалар қашан салынғаны көрсетіледі. Сонымен қатар, вакциналау төлқұжатында қосымша үшінші доза көрсетіледі, бұл адамның алдында қандай вакцина алғанымен байланысты, сол жағы көрсетіліп қойылады, - деп атап өтті ол.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы