USD
USD
USD

Ревакцинация үшін қанша вакцина бар?

Өңірлерде коронавирусқа қарсы вакцинаның 4 миллионнан астам дозасы қалған. Бұл жайында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Ревакцинация үшін қанша вакцина бар?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Коронавиурс инфекциясының ел аумағында таралуына жол бермес үшін 2022 жылы 3,5 млн доза вакцина сатып алынған (Sinopharm – 2 млн, QazVac – 1,5 млн доза). Оның ішінде өңірлерге 2,9 млн доза жөнелтілген.

Сондай-ақ, бірыңғай дистрибьютордың қоймасында 594 мың доза сақтаулы тұр. Осының бәрін ескерсек, қазір өңірлерде QazVac, Комирнати, CoronaVac, Sinopharm, Hayat екпелерінің 4,1 миллионнан астам дозасы қалған», – деп жазылған ведомствоның ҚазАқпарат сауалына жолдаған жауабында.

Министрліктің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, өңірлерге «Спутник Лайт» вакцинасының 150 мың дозасы ақысыз негізде жолданған.

«Сонымен қатар, ВАК-тың 27 сәуірдегі қаулысы бойынша жыл аяғына дейін вакциналауға жататын халықтың 75 пайызын екпемен қамтамасыз ету үшін «Комирнати» екпесінің 500 мың дозасын және QazVac вакцинасының 1 млн дозасын сатып алу көзделген», - деп жазылған жауапта.

Қазір оқып жатыр

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.

Іскерлік кеңес: Шаруалардың жай-күйі «Әділет» партиясының назарында

.

Автошеру мен жалған келісімшарттар: Санжар Боқаевқа қандай айып тағылған?

бокаев

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев