USD
USD
USD

Reuters: АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкция пакетін дайындады

АҚШ Ресейге қарсы жаңа экономикалық санкция пакетін дайындады. Бұл жөнінде дереккөздерге сүйенген Reuters хабарлады.

АКШ
Фото: None

Алматы, NEGE. Дереккөздің айтуынша, шектеулер энергетика және банк секторына қарсы бағытталған. Санкция тізімінде "Газпром" және табиғи ресурс саласындағы өзге де компаниялар бар.

Санкцияның мақсаты – Мәскеуге қысымды үдету және оны президент Дональд Трамптың Ресей-Украина соғысын аяқтау бойынша бастамасын қолдауға итермелеу деді дереккөздер. Трамп ұсынылған шараларды қолдай ма, жоқ па, әзірге белгісіз.

АҚШ ұлттық қауіпсіздігінің өкілі Джеймс Хьюиттің айтуынша, президент әу бастан-ақ атысты толық тоқтатуға күш салып келеді, бірақ келіссөздің жай-жапсарын айтудан бас тартты. АҚШ қаржы министрлігі түсініктеме бермеді.

Bloomberg-тің мәліметінше, Трамп Ресейге қысымды үдетудің бірнеше жолын қарастырып жатыр. Трамптың жоспарының жай-жапсары айтылмайды.

Бұған дейін осы аптада АҚШ-тың 70-тен астам сенаторы Ресейге қарсы ірі санкция салу туралы заң жобасын қолдаған. Құжатта өзге жайттармен қатар Ресейден мұнай, газ, уран сатып алатын елдерден келетін импорттық тауарға салынатын баж салығын 500% дейін өсіру қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

Акция анда-мында. ERG НЕГЕ 1,7 триллион теңгеге бағаланды?

ERG

«Зор қолдау сездім»: Айжан Аймағанова Құрылтай депутаты ретіндегі екі аптасы қалай өткенін айтты

Құрылтай депутаты

Қазан айында ауаның орташа температурасы нормадан 1–2°С жоғары болады деп болжанды

Қазанға арналған ауа райы болжамы

Халық кеңесін құруға бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінбек: қаражат қайда жұмсалады?

Ақша