USD
USD
USD

Республиканың бірқатар өңірлерінде су тасқыны қаупін болдырмауға мүмкіндік беретін іс шаралар жүргізілді

Төменде көрсетілген су тасқынына қарсы жұмыстар 213 елді мекеннен қауіп-қатерді алып тастауға және 580-ге барынша азайтуға мүмкіндік берді, онда 551 099 адам тұратын 119 577 үй орналасқан.

Республиканың бірқатар өңірлерінде су тасқыны қаупін болдырмауға мүмкіндік беретін іс шаралар жүргізілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ТЖМ су тасқынына қарсы іс-шаралары республиканың бірқатар өңірлерінде су тасқынының жойқын зардаптарын болдырмауға мүмкіндік берді.

ТЖМ іске асырған су тасқынына қарсы жұмыстардың көмегімен республика бойынша 213 елді мекеннен қауіп-қатерді алып тастауға және 580 елді мекеннен барынша азайтуға мүмкіндік туды, онда 551 099 адам тұратын 119 577 үй орналасқан.

ТЖМ Су тасқынына қарсы іс-шаралардың 2021-2023 жылдарға арналған жол картасы, облыстық су тасқынына қарсы жоспарлар және 2022 жылдың жазғы-күзгі кезеңіне арналған инженерлік жұмыстар жоспарлары шеңберінде су тасқыны қаупі бар елді мекендерді қорғау жөніндегі орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіреді және талдайды.

Жалпы 2 жыл ішінде республика бойынша Су тасқынына қарсы іс-шаралар жол картасының 78 іс-шарасын іске асыру аяқталды.

Жол картасын іске асырудың екі жылында 5,7 км түбін тереңдету, 33,8 км жағалауды нығайту, өзен арналарының 41,2 км учаскелерін тазарту, сондай-ақ бас каналдың 3 км арнасын тазарту, бір бөгетті күрделі жөндеу, 1 км салу және 23,85 км қорғаныш бөгендерін ағымдағы жөндеу, 5,3 км су бұру арналарын тазарту, 4 гидротехникалық құрылысты жөндеу жүргізілді, автомобиль жолдарының учаскелерінде 1 су өткізу құбырын орнату және 14 су өткізу құбырын ауыстыру, сондай-ақ 4 жергілікті құлақтандыру жүйесін орнату жүргізілді.

2021 жылы Жол картасының іс-шараларын іске асыру 81 334 адам тұратын 43 елді мекеннің, ал 2022 жылы 20 807 адам тұратын 39 елді мекеннің су тасқынынан қорғалу деңгейін арттыруға мүмкіндік берді.

Қазір оқып жатыр

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

.

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев