USD
USD
USD

Республикалық ветеринариялық зертхананың бас директоры ұсталды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Республикалық ветеринариялық зертханасының бас директоры Нұрлан Сыбанов ұсталды.

Республикалық ветеринариялық зертхананың бас директоры ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Белгілі болғандай, ол бір күн бұрын, яғни 14 қазанда ұсталған. Толық ақпарат әлі жарияланған жоқ.

Бірақ "Время" газеті оның не үшін ұсталғанын жариялапты. Ондағы мәліметке сүйенсек, бас директор жануарларды тексеруге арналған құрал-жабдықтар мен материалдарды сатып алуға бөлінген 500 миллион теңгені жымқырды деп күдікке ілінген.

Нұрлан Сыбанов 2019 жылдың 29 қазанында РВЗ-ның бас директоры болып тағайындалды. Бұған дейін ол бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. Еңбек жолын РМК-да экономика бөлімінің маманы ретінде бастаған.

2019 жылдың желтоқсанында республикалық ветеринариялық зертхананың Алматы филиалында сыбайлас жемқорлық ісі бойынша тергеу аяқталды. Содан кейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Республикалық ветеринариялық зертханасы" РМК Алматы облыстық филиалының бұрынғы директоры Итенов, оның орынбасары және зертхана меңгерушісі Әділбаева, тамақ қауіпсіздігі бөлімінің бастығы Әлниязова сотталды.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында екі оқушы 10 жастағы баланы зорлаған деген күдікке ілінді: полиция тергеу бастады

сот

Джон ван ’т Схип Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетеді

Джон ван ’т Схип

Қазақстан дүниежүзілік мұра нысандары бойынша Азияның үздік 20 елінің қатарына енді

Коллаж

Студенттер қазасынан кейін ҚазҰУ-да кешенді тексеру жүргізілмек

ҚазҰУ