USD
USD
USD

Республикалық тас жолдарда қозғалыс шектелді

Қазақстанда көктайғақ салдарынан бірқатар республикалық тасжолдарда жол жабылды немесе қозғалыс шектелді, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.

Республикалық тас жолдарда қозғалыс шектелді
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. «5 желтоқсан күні сағат 19:00 бастап жауын-шашын және көктайғаққа байланысты республикалық маңызы бар А-1 «Нұр-Сұлтан-Петропавл» автомобиль жолының 304-341 шақырым (Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін) аралығы жабық», – деп хабарлады ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Сағат 19.00 бастап Солтүстік Қазақстан облысында көктайғаққа байланысты Нұр-Сұлтан-Петропавловск республкиалық тасжолының ( 341-473 шақырым, Ақмола облысы шекарасынан Петропавл қаласына дейін) аралығы көліктің барлық түрінің қозғалысына уақытша жабылды.

«5 желтоқсан, сағат 12:40-тан бастап Қарағанды облысы аумағында да көктайғаққа байланысты «Алматы-Екатеринбург» тасжолының 1003-641 шақырым (Қарағанды-Балқаш қалалары аралығы) аралығында, «Қызылорда-Павлодар» автожолының 906-424 шақырым (Топар кентінен Жезқазған қаласына дейін) аралығында жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына тыйым салынды», – деді Нұрахметов.

 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy