USD
USD
USD

Республикалық протездік-ортопедиялық орталыққа – 90 жыл

«Республикалық протездік-ортопедиялық орталық» АҚ (РПОО) өзінің 90 жылдық мерейтойына орай қазақстандық БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз-турын ұйымдастырды. Орталықтың ғасырға жуық тарихында алғаш рет интернет-ресурстар, баспа басылымдары мен телеарналардың журналистері кәсіпорынның тарихимен танысты. Баспасөз-турының қатысушылары протездік-ортопедиялық саладағы жаңа трендтер, протездеуде қолданылатын заманауи технологиялар мен материалдар туралы мағлұмат алды.

Республикалық протездік-ортопедиялық орталыққа – 90 жыл
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. РПОО барлық өңірлік филиалдарында протездеу және ортездеу қызметтерін қажет ететін пациенттерді емдеуге жатқызу мүмкіндігі бар оңалту орталықтары жұмыс істейді. Орталықтың стационарларындағы орындардың жалпы саны 225. Протездеу кезінде пациенттер медициналық стационарға жатқызылады, онда олар медициналық-әлеуметтік көмек және қажетті оңалту іс-шараларын алады. Сондай-ақ орталық кеңес беру-емдеу қызметтерін көрсетеді. Орталықтың есебіне 50 497 мүмкіндігі шектеулі адам тіркелген.

«90 жыл ішінде орталық күрделі жұмыстарды атқарды және шағын шеберханадан заманауи кәсіпорынға дейін өсті, оның қарауында протез-ортопедия саласының барлық жаңа технологиялары бар. Бүгінде біз жылына 30 000-нан астам бұйымдарды шығарамыз, оның ішінде 60-тан астамы аяқ-қол протездерінің модификациясы, 112-сі ортопедиялық аяқ киімнің барлық маусымдарына арналған модификациясы және тағы басқалар. РПОО барлық Қазақстанда өндірілетін протездеу бұйымдарының жалпы көлемінің 74%-ға жуығын және мамандандырылған ортопедиялық аяқ киімнің, ортопедиялық ұлтарақтың 91%-ын шығарады. РПОО дайындаған протездерді параолимпиялық ойындарға қатысушы қазақстандық спортшылар да пайдаланады, бұл шығарылатын өнімнің жоғары сапасын растайды», - дейді «Республикалық протездік-ортопедиялық орталық» АҚ президенті Николай Петров.

Соңғы жылдары отандық ортопедия өте серпінді дамып келеді, әртүрлі жағдайларға байланысты ампутация жасаған немесе бала кезден мүгедектігі бар қазақстандықтарға бүгінгі таңда жетекші шетелдік клиникалардың ұсынысымен бірдей, протездеудің барлық озық технологиялары қол жетімді. Протездерді дайындау кезінде отандық және импорттық өндірістің сапалы, табиғи материалдары пайдаланылады.

 

Қазір оқып жатыр

Мұнай бағасы тағы өсті

Мұнай

«Псевдо ұлт деу – артық»: депутат Танакөз ақынның жазбасы жайлы

бапи

«Ертең мың адам тағы барады»: Депутат шетелде соғысқан қазақстандықтарға жазаны жеңілдетуге қарсы

мұрат әбен

Маңғыстаулық Ұлы Отан соғысының ардагері бейбітшілікті бағалап, болашақ үшін дұрыс таңдау жасауға шақырды

Маңғыстау облысы