USD
USD
USD

Республикалық маңызы бар бірнеше жол жабылды

Бірнеше өңірдің жолы уақытша жабық тұр. 

Республикалық маңызы бар бірнеше жол жабылды
Фото: NEGE.kz

Алматы,  NEGE. Ауа райының бұзылуына байланысты (боран, жол көрінбейді) республикалық маңызы бар бірқатар жолда қозғалыс уақытша шектелді. 

Ақмола облысы

«Жезқазған-Петропавл» а/ж 377-440 шақырымы, Қостанай облысының шекарасы мен Державинск қаласының аралығы.

Павлодар облысы

«Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» а/ж 200-254 шақырымы, Шідерті қаласы мен Ақмола облысының шекарасы аралығы.

Шығыс Қазақстан облысы

«Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» а/ж 707-941 шақырымы, Аягөз қаласы мен Бұғаз ауылы аралығы

Қарағанды облысы

«Жезқазған-Петропавл» а/ж 142-252 шақырымы, Сарлық ауылы мен Қостанай облысы шекарасының аралығы.

Қостанай облысы

«Жезқазған-Петропавл» а/ж, 252-340 шақырымы, Қарағанды облысы шекарасы мен Арқалық қаласының аралығы.

«Жезқазған-Петропавл» а/ж 340-377 шақырымы, Арқалық қаласы мен Ақмола облысының аралығы.

Қазіргі таңда қауіпсіз және үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында тәулігіне 24 сағат жұмыстар жүргізілуде.

Осы орайда Қазақавтожол серіктестігінің 1090 арнайы қысқы техникасы мен 3500-ден астам қызметкерлері жұмылдырылған.

Боран қаһарына мініп тұрған соңғы 5 күннің ішінде жолшылардың күшімен 100-ден астам көлік құралына көмек көрсетіліп, оның 37-сі жылы бокстарға жеткізілсе, 500-ден астам жолаушы серіктестіктің жылыту пунктеріне орналастырылды.

Қазір оқып жатыр

Alatau City Authority және прокуратура органдары инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі меморандумға қол қойды

Alatau City

«Балаңыз қатты дуаланған»: полиция алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын ескертті

алаяқтық

Қазақстан бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 22 сәуірді Халықаралық планетаны көгалдандыру күні деп жариялады

Халықаралық планетаны көгалдандыру күні

Porsche көлігімен сағатына 197 шақырым жылдамдықпен жүрген астаналық 10 тәулікке қамалды

жылдамдықты асыру