Референдум Референдум
USD
USD
USD

Республикалық мамандандырылған мектеп педагогтерге арналған семинар өткізді

  Алматы қаласындағы «Шаңырақ» шағын ауданында орналасқан «Олимпиада резервінің Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі 2007 жылдан бері елге танымал намысты, жігерлі спорт шеберлерін дайындап келеді.  

Республикалық мамандандырылған мектеп педагогтерге арналған семинар өткізді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мектеп-интернатта сапалы білім алуға толықтай мүмкіндік жасалған. 380 оқушы 7-11 сынып аралығында білім алады. Олар үшін 31 оқу сыныптары, 2 информатика сыныбы, интерактивті тақтамен қамтылған 15 сынып бөлмесі, кітаппен қамтылған  кітапхана, конференция залы, мұғалімдер бөлмесі, мәжіліс залы жұмыс істейді.   

370 балаға арналған жатақхана  92  тұрғын және 4 тұрақты бөлмелерден құралған. Оқушылар спорт бөлімі бойынша жайғасады. Олардың бос уақытында демалатын арнайы демалу бөлмелері де бар. Сонымен қатар, оқу залы және арнайы компьютермен жабдықталған үлкен зал қарастырылған. 


Жақында «Олимпиада резервінің Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі «Біртұтас білім беру кеңістігі: Білім сапасын арттырудың жаңа мүмкіндіктері» атты тақырыпта республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері педагогтеріне арналған алғашқы республикалық семинар ұйымдастырды. Семинарға ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне ведомостволық бағыныстағы мекемелердің ( «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК» РММ, «Риддер қаласындағы ОРРММИК» РММ, «К.Ахметов атындағы ОРРММИК» РММ, «Республикалық спорт колледжі» РМҚК)  директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен педагогтері қатысты.

Сондай-ақ, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы А.К.Құлназаров, журналист-жазушы Қали Сәрсенбай, журналист Таңсұлу Алдабергенқызы, Д.А.Қонаев атындағы тұңғыш мұражайының директоры Б.З.Батталханов, «Д.А.Қонаев қорының» қамқоршы кеңес мүшесі Б.С.Сраилов, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі А.Әденұлы қонақ болды. 
Семинардың модераторы-директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жадыра Байтурова Рамазанқызы мен мекеменің оқу әдіскері Зәуре Қасымбекова Асанқызы.

Семинарды өткізудің басты мақсаты – білім саласының өзекті мәселелерін талқылау,   республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінің педагогтеріне мектеп ұстаздарының озық іс-тәжірибесін көрсету, өзара сабақтастық жүргізе отырып, педагогтер арасында ынтымақтастық орнату. Яғни, әр мекемеден келген педагог білімі мен біліктілігін көрсете отырып, тәжірибесімен бөлісті. Атап айтқанда, №178 мамандандырылған лицейдің математика пәнінің мұғалімі А.И.Бектасова өзінің квест-технологиясын ортаға салды. 

Іс-шара барысында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жадыра Байтурова «Д.А.Қонаевқа – 110 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар мен Алғыс хаттар табыс етілді.  

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда