USD
USD
USD

Республикалық автожолдарға «Сергек» камералары орнатылады

Еліміздің республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына «Сергек» камералары орнатылады. Бұл туралы бүгін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліпов айтты.

Республикалық автожолдарға «Сергек» камералары орнатылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Елордада БАҚ өкілдерімен кездесу барысында Ұлан Әліпов келесі жылы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында «Сергек» камераларын орнату жұмысы басталатынын айтты.

Аталған камералар жол жүрісі ережелерін бұзу фактілерін тіркеп отырады.

«Бізде арка орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл аркаларды «Сергек» компаниясы орнатып, оларға камераларды іледі. Камералар қаладағыдай жұмыс істеп, жол жүрісі ережелерінің бұзылуын тіркеп отырады Яғни, республикалық жолдарда жол жүрісі қауіпсіздігін сақтауға бағытталған жұмыс жүргізіледі», - деп түсіндірді компания басшысы.

Оның айтуынша, автобанда рұқсат етілген жылдамдық - сағатына 140 шақырым.

Қазір оқып жатыр

Тағдыр тауқыметін тартқан жүз әйел көлік жүргізуді тегін үйреніп шықты

Көлік апаты

«Қазатомөнеркәсіп» акциялары 4%-дан астам құлады: сарапшылар не дейді?

Қазатомөнеркәсіп

«Ғаламат ғасыр» жұлдызы мен Түркияның өзге де танымал тұлғалары есірткі ісі бойынша ұсталды

Дениз Чакыр

«Таңғы 7:00-де жұмысқа келсін»: Қырғыз депутаты Бішкектегі кептелісті азайтудың жолын ұсынды

уақыт