USD
USD
USD

Республикалық ақындар айтысы өтеді

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданында республикалық айтыс өтеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Республикалық ақындар айтысы өтеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы аудан әкімі Серікқазы Сәдуақасов Facebook-тегі парақшасында жазды.

– Сәтін салса, биылғы жылдың сәуір айында еліміздегі ахуал шегі тұрақталса, былтыр ғана ортамыздан ұзаған, ауданымыздағы аяулы азаматтардың бірі Дүйсембаев Қайратты еске алуға арналған «Елін сүйген ерлер бар...» атты республикалық айтыс өтеді. Бауыржан Рапеков бастаған марқұмның достары айтыстың бас жүлдесіне су жаңа автокөлік тігуге шешім қабылдады, – деп жазды әкім.

Аудан басшысының жазуына қарағанда, айтысқа Ринат Зайытов, Аспанбек Шұғатаев, Дидар Қамиев, Рүстем Қайыртайұлы, Жансая Мусина, Серік Қуанған сияқты елге танымал ақындар қатысады.

Қазір оқып жатыр

Қазақ жазушылары Нобель сыйлығын неге ала алмай жүр?

Қазақстан Жазушылар одағы

Еліміздегі барлық перзентханалар 15 тамызға дейін тексеріледі

Перзентхана

Ауызекі қазақ тілін қай сервис жақсы таниды?

Мемлекеттік тіл

Алматыда футбол алаңына партия туымен жүгіріп шыққан жанкүйер ұсталды

Артспорт