USD
USD
USD

Республикалық бюджетке екі айда жоспардан көп кіріс түскен

1 наурыздағы жағдай бойынша бюджетке салықтан 2 979,0 млрд теңге қаражат түсіп, жоспар 113,7 пайызға орындалған.

Зейнетақы, ақша, есеп
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

«Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 677,5 млрд теңге немесе 129,4% болды.

Оң динамика негізгі бюджет құраушы салықтар есебінен қамтамасыз етілді. Атап айтқанда, корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша өсу қарқыны – 116,9% (+118,0 млрд теңге), қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша 138,8% (+428,6 млрд теңге) болды», – делінген ведомство хабарламасында.

Комитет өкілдері ақпараттық кеңістіктегі 2026 жылдың қаңтар айындағы деректерге негізделген сараптамалық бағалауларға түсініктеме беріп өтті. Олар мұндай тұжырымдар бюджет кірістерінің орындалу барысын толық көрсетпейтін атап өтті. Өйткені 2025 жылдың 4-тоқсаны үшін бірқатар негізгі төлемдер 25 ақпанға дейін төленеді.

Тиісінше, түсімдердің едәуір бөлігі дәстүрлі түрде ақпан айының қорытындысы бойынша қалыптасады. Нәтижесінде, 1 наурыздағы көрсеткіш бойынша ҚҚС жоспары 119,8%-ға орындалып, нақты түсім 1 534,5 млрд теңге болған.

«Екі айдың қорытындысы бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуын объективті сипаттайды. Бұл кірістердің тұрақты өсуін және алдын ала теріс бағалауға негіздердің жоқтығын растайды», – дейді МКК өкілдері.

Нақты деректер салық түсімдерінің оң динамикасын және қазіргі макроэкономикалық жағдайларға сәйкес келетінін көрсетеді.

Қазір оқып жатыр

Қаракемердің балаларын шыр айналдырған не қара күш?

Қаракемер

ШҚО-да кәсіпкер әлеуметтік тауарды 127% үстемемен өзіне-өзі қайта сатқан

әлеуметтік маңызы бар тауарлар

Сыртқы істер министрлігі қажылық алдында ықтимал қауіптер жөнінде ескертті

Қажылық

FlyArystan ұшағы Шымкентте итті қағып кетті

FlyArystan