USD
USD
USD

Республикалық автожолдардың 5,4 мың шақырымына орташа жылдамдықты анықтайтын камералар орнатылады

Жол-көлік оқиғаларының басты себептерінің бірі жылдамдық талаптарын сақтамау салдарынан болады, бұл жалпы апаттың 37%-ына тең.

Сергек
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Көлік министрі ақылы жолдарда орнатылған камералардың орташа жылдамдықты есептеуге мүмкіндіктері бар екенін атап өтті. Атап айтқанда, «Астана-Бурабай» тас жолында көліктердің орташа жылдамдығы сағатына 140 км екеніне қарамастан, 180 км жүріп өткен көліктер тіркелген.

«ҚР Парламенті Сенатының қарауына «Республикалық жолдарда орташа жылдамдықты енгізу туралы» заң жобасы ұсынылды. Заңды биылғы қазан айында қабылдау жоспарланған. Жыл соңына дейін республикалық маңызы бар 5,4 мың шақырым автожолдардың орташа жылдамдықты анықтайтын камералармен қамтамасыз етілетін болады. Қазіргі уақытта Бас Прокуратурамен және Ішкі істер министрлігімен бірлесіп орнатылатын камералардың автоматты түрде айыппұл салу тәсілдері пысықталуда. Заң қабылданғанға дейін интеграцияны толығымен аяқтауды жоспарлап отырмыз», — деп атап өтті Марат Қарабаев.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.