USD
USD
USD

Республика өңірлерінде электр сиреналары іске қосылады

24-25 қараша аралығында елімізде "Қыс-2022" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.

Республика өңірлерінде электр сиреналары іске қосылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқу-жаттығуды басқару штабы Қостанай қаласында орналасқан.

"Қыс-2022" РКШО барысында ел өңірлерінде электр сиреналарын іске қоса отырып, құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізіледі. Бұл іс-шара халыққа "Баршаның назарына!" бірыңғай құлақтандыру сигналына ден қою тәртібін дағдыландыру мақсатында өткізіледі. Осыған байланысты тыныштықты сақтап, дүрбелеңге түспеуіңізді сұраймыз", - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, 25 қараша күні республика бойынша ТЖ жою жөніндегі іс-қимылдарды пысықтау бойынша командалық-штабтық жаттығулар, авариялық-құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құралымдарымен практикалық іс-қимылдар өткізілмек.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық