USD
USD
USD

Республика күні Алматы полициясының қызметкерлері марапатталды

Бұл туралы

Республика күні Алматы полициясының қызметкерлері марапатталды
Фото: NEGE.kz

Polisia.kz хабарлады.

Алматы, NEGE. Алматы полициясының гарнизонында бүгінде алты мыңнан астам адам бар. Ішкі істер министрінің бұйрығымен, ПД-ның бұйрығымен қызметтік міндеттерін атқаруда адалдық танытқаны, кәсіби біліктілігі, қызметтегі жоғары көрсеткіштері үшін 70-тен астам тәртіп сақшысы марапатталды,– делінген хабарламада.

– Әрбір полиция қызметкері қылмыс пен құқық бұзушылықпен күрес заңдылықты қатаң сақтауға негізделгенін есте сақтауы керек. Бұл біздің кәсіби парызымыз және оны сапалы деңгейде орындау баршамыздың абыройлы борышымыз. Мемлекеттілік болашаққа батыл қарауға, болашағымызды айқын көруге мүмкіндік берді. Біз қазір қаладағы тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында департаментке жүктелген міндеттерді шеше отырып, осы ең үлкен сыйды толық пайдалануымыз керек. Бүгінгі таңда бізде осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін барлық қажетті жағдай мен мүмкіндіктер бар, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров құттықтау барысында.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев

Астанада бір донор бірден үш науқасқа өмір сыйлады

Донор мен дәрігерлер

Қарағанды облысында бес жерде табиғи өрт сөндірілуде

Қарағанды облысындағы өрт аумағы