USD
USD
USD

Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров тағы үш жылға сайланды

Бүгін Respublica партиясының кезектен тыс V съезі өтіп жатыр. Делегаттар бірауыздан қазіргі төраға Айдарбек Қожаназаровтың өкілеттігін тағы үш жылға ұзарту туралы шешім қабылдады.

Republica
Фото: Republica

Астана, NEGE. Партияның тең төрағасы Сырымбек Таудың айтуынша, партия жарғысына сәйкес төраға үш жыл мерзімге сайланады, ал Айдарбек Қожаназаровтың қазіргі өкілеттік мерзімі 29 шілдеде аяқталады.

Осыған байланысты ол съезд делегаттарына қазіргі төрағаның өкілеттігін ұзарту туралы ұсыныс тастады.

«Сайлау алдында, қиын-қыстау уақытта партияның алдында төрағаны ауыстыру не қалдыру мәселесі тұр. Менің жеке ұсынысым – партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров мырзаның өкілеттігін ұзартуды қолдауларыңызды сұраймын», – деді Сырымбек Тау.

Ұсыныс дауысқа салынып, съезге қатысқан 592 делегаттың барлығы қолдап дауыс берді. Осылайша Айдарбек Қожаназаров Respublica партиясының төрағасы қызметінде тағы үш жыл жұмысын жалғастырады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy